Бас жаңалықтар
Сайлаушылардың науқан кезінде белсенділік танытуы маңызды
03 Желтоқсан 2020, 16:24 136

Сайлаушылардың науқан кезінде белсенділік танытуы маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында «Парламенттік сайлаудың маңызы мен ерекшелігі» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті. Оған елімізге танымал саясаткерлер мен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров Парламенттік сайлауды өткізудің маңызды тұстарын атап өтті. Әсіресе, сайлаушылардың науқан кезінде белсенділік танытуы маңызды екенін айтты. 

Қазір 12 млн сайлаушы бар. Олардың барлығы келіп дауыс беретін болса, жағдай өзгеше болар еді. Бұл – сайлау кезіндегі негізгі мәселе. Сайлау науқаны кезінде тұрғындардың белсенділік танытуы қашан да өзекті. Екінші – бақылау процесі. Бүгінде елімізде бақылау институты жақсы даму үстінде. Қоғам белсенділері, кәсіподақ мүшелері және тағы басқалары сайлау процесін бақылауға қатысып жүр. Бұл – дұрыс, - деді саясаттанушы. 

Сайыровтың пікірінше, Қазақстанда институционалдық демократияны дамыту маңызды. Себебі кей мемлекеттердегі қақтығыстардың туындауына мемлекет институттарының дамымағаны дәлел. 

Пандемия салдарынан дүниежүзінде «Мемлекет» деген институт екі сұраққа жауап бере алмай жатыр. Біріншісі – әділеттілік принципі. Екіншісі – теңдік принципі. Аналитикалық құрылымдардың есебі бойынша әлем халқының 1 пайызы дүниежүзілік ІЖӨ 95 пайызын алады. АҚШ, Франция, Германия жалпы Еуропа елдерінің басым көпшілігінде жаппай тәртіпсіздіктерді көруге болады. Соған себеп биліктегілердің жоғарыда айтқан екі мәселеге жауап бере алмауынан деп білемін. Сондықтан халықтың басым көпшілігі наразылығын білдіреді. Дүниежүзінде мемлекеттік индексі жоғары есептелетін 9 млн халқы бар Израильдің өзінде күнде тұрғындар мен полицейлердің қақтығысы тоқтамай тұр, - дейді Ерлан Сайыров.



Фото: дереккөз
Загрузка...