Қазақстанда «G to G» тұжырымы бойынша жаңа жоба енгізіледі

25 Сәуір 2021, 22:14
1243
Бөлісу:
Қазақстанда «G to G» тұжырымы бойынша жаңа жоба енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзара бағалаудың екінші раундына еліміздің тиімді дайындығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржылық мониторинг кеңесшісі» жобасын енгізеді.

ҚМА-ның Төрағасы Жанат Элиманов осы жобаны барлық мүдделі ведомстволарды қатыстыра отырып, іске асыруды ұсынады, бұл Өзара бағалауға дайындықта ғана емес, сонымен бірге елімізде жылыстатуға қарсы саясатты іске асыруда да қаржылық мониторинг субъектілерінің барлық реттеушілерімен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Ведомствоаралық кеңес отырысында ҚМА Төрағасының Бірінші орынбасары Ермек Оспанов осы жобаны «G to G» сервистік моделі шеңберінде таныстырды.

Оның сөздеріне сүйенсек, бұл жобаны енгізумен қатар, халықаралық сарапшылардан сұхбат алуға дайындық секілді маңызды мәселені де шешуге болады.

«Қаржылық мониторинг кеңесшісі» жобасы сарапшыларды, КЖ/ТҚҚ саласына жетекшілік ететін мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары тартылған үш буынды жүйені көздейді.   

Жоба сәтті іске асырылған жағдайда өзара бағалаудың келесі кезеңдерінде қолданылатын болады, сондай-ақ, Еуразиялық топтың елдеріне оң тәжірибе ретінде таныстырылмақ.

Өзгелердің жаңалығы