Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

13 Мамыр 2021, 13:03
2519
Бөлісу:
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жаңғырықсыз камерасы бар бірегей сынақ орталығының ресми ашылуына барды.

Үкіметтің алдына қойған маңызды тапсырмалардың бірі – экономиканы әртараптандыру. Оны әртараптандыру үшін біз әр өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруымыз керек. Сондықтан әрбір өндіруші мен өнімнің сапасына ерекше мән беріліп жатыр. Бүгін ашылып жатқан сынақ зертханасы әр өнімнің сапасын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай зертхана тек 15 елде ғана бар. Біз сол 15 елдің қатарына қосылып жатырмыз, - деді Бақыт Сұлтанов. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Министр атағандай, дайын өнімші өндірушілер сынақ зертханасы арқылы өнімдерінің сапасын тексере алады.

Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Бұл да шикізаттық емес экспортты қолдау аясындағы шаралардың бірі. Сайда және интеграция министрлігіне метрология және стандарттау қызметі берілген. Сондықтан бұл бағыттар экономиканың негізі болып табылады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіру осындай сынақтардан өткен соң жүзеге асырылады, - деді Сұлтанов. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Оның айтуынша, зертханадан сертификат алған өнімдер халықаралық деңгейде мойынадалады.

Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Бұл үлкен инвестиция мен қаражатты қажет етеді. Сондықтан біз экономиканы әртараптандыру бойынша қадамдар жасап жатырмыз. Біздің стандарттар ТМД елдерінде үздік болып есептеледі. Біз әлемдік стандарт бойынша жұмыс істейміз. Бұл стандарттарға сай келсе, өнімдердің бәсекеге қабілеттігі артады, - деді ол. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Ал «Қазстандарт» МКМ бас директорының орынбасары Жанат Бегайдаровтың айтуынша, кешен бірегей болып табылады.

ТМД аймағында мұндай кешен жоқ. Әлемде тек 15 осындай орталық бар. Ресейде ашық полигондар арнайы антенналар бойынша жұмыс істейді. Ол далада болған соң маусымдық жұмыс істейді. Бұл жерде кез келген маусымда жұмыс істей беруге болады. Автомобиль, камаз сынды көліктерді кедергісіз сынақтан өткізе аламыз, - деді Бегайдаров. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Оның айтуынша, тұтынушылар ауқымы кеңейген, сынақ екі техникалық регламент бар.

Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Техникалар екі сынақтан өтеді. Сондықтан өндірушілерден бастап, тұтынушыларға дейін бізге жүгінеді. Олар пайдаланылатын өнімдердің сапасы қандай екенін білгісі келеді. Егер тексерістерден кейін автокөлік сынақтан өтпесе, өндірушіге жетілдіру үшін қайта бағытталады. Кешеннің құрылысына Англия, Түркия, Ресей мамандары атсалысты. Себебі кешен тек бір ғана компанияның өнімі емес. Бір компания арнайы камералы шатырды жасақтаса, енді біреуі айналатын едендерді жасады. Кешен құрылысына екі жыл кетті. Оның құны млрд-қа жуық болады, - деді ол. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Бегайдаров айтқандай, кешеннің қызметкерлері арнайы оқытудан өткен.

Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Оның біреуі Томск университетінен арнайы оқуды тәмамдады. Қазіргі қызметкерлеріміздің барлығы бірегей оқудан өтті. Кешен толыққанды іске биыл қосылды. Қазір бірқатар компания бізден сынақ өтуге ниетті, - деді ол. 
Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

Мамандардың айтуынша, сынақ орталығының мақтанышының бірі – қалта компьютерлері мен ұялы телефондардан бастап ірі габаритті техникаға дейін -түрлі техникаларды жоғары дәлдікпен және ұлттық, халықаралық стандарттарға сәйкестігін сынауға мүмкіндік беретін Жаңғырықсыз Экрандалған камера (ЖЭК) болып табылады.

Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды

ЖЭК өнімдерді электромагниттік үйлесімділік бойынша сынауға арналған-сәулеленетін радио кедергілерінің деңгейін және олардың
әсеріне төзімділігін анықтау. 

Олар ЕАЭО және басқа елдердің нарығына қол жеткізу үшін міндетті талаптарға сәйкестікті растау үшін, сондай-ақ техниканың техникалық деңгейі мен сапасын арттыру үшін қажет. Бұл бірегей нысан машина жасау, электр энергетикасы, электротехника және оптика үшін аса маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Осы сынақ орталығы жалпы салмағы 16 тоннаға дейін және габариттік өлшемдері 30 х 21 х 10 м барлық санаттағы көлік құралдарын қабылдауға қабілетті.


Қазақстанда бірегей сынақ орталығы ашылды



Өзгелердің жаңалығы