Қазақстанда әскери қызметтің мерзімі ұзартыла ма?

26 Ақпан 2021, 13:01
5328
Бөлісу:
Қазақстанда әскери қызметтің мерзімі ұзартыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтты.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің мерзімін ұзартуды талқылады. Бұл оңтайлы шешім болар еді. Дайындықты сапалы етіп, білім берудің сапасын арттыратын еді. Себебі қазіргі техниканы меңгеру оңай емес. Оны меңгеру үшін біршама уақыт керек. Егер біз қызмет мерзімін ұзартатын болсақ, шақырудың санына әсер етуі мүмкін. Біз жыл сайын 35 мың адамды әскерге шақырамыз. Бұл Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ІІМ, ТЖМ қызметін қосқанда болып отыр. Оның ішінде 100 мыңы жедел әскери борышын өтейді.Біз 1,5 жылға ұзартсақ, 3 жылда  70 мың адам ғана әскери борышын өтеуі мүмкін. Бұл үштен бірге аз, - деді Жүсіпов. 

Ол атағандай, бұл да тиімді емес. Себебі әскери оқытылған  резервті ұлғайтып отыру керек. 

Сондықтан біз одан бас тарттық. Егер қалыпты әскери қызмет мерзімін ұзартсақ, жедел әскери қызметтің қызметкерлері санын да көбейту керек  болады. Қазір екі шақырылым бар, егер ұзартсақ, 3 шақырылым болады. Әскер тек көп болмауы керек, ол жұп-жұмыр кешенді болуы да шарт, - деді ол. 

Жүсіпов атағандай, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскерилер кәсіби тұрғыда жұмыс істейді. 

18 жастағы енді қабылданған азамат пен 30-дағы келісімшарт бойынша еңбек ететін азаматты салыстыру мүмкін емес. Бізде тұрақты тұрғыда жиын жүзеге асырылады. Сондықтан әскерде қызмет ету мерзімін ұзарту күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы