Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды

9 Желтоқсан 2021, 14:17
1270
Бөлісу:
Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды

Түркістан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Қазақстандағы алғашқы 5G-қала ресми түрде іске  қосылды.

Түркі әлемінің астанасы Түркістанда Қазақстандағы алғашқы 5G-қала салтанатты түрде іске қосылды. 

Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов қатысты.

Серіктестік аясында ауқымды жобаны ұлттық цифрлық операторы Kcell және телекоммуникациялық жабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ericsson компаниясы жүзеге асырды.

Kcell мен Ericsson Қазақстан Республикасында 5G технологияларын дамытуды жеделдету туралы стратегиялық келісім жасасты. Бұл жоба аясында Түркістан қаласындағы бірінші 5G аймақты дамытудың жаңа кезеңін ашуға мүмкіндік береді.

Өздеріңіз білетіндей, пандемия өз кезегінде көптеген салада цифрландыруды жеделдетті. Соңғы 10 жылда мобильді трафик 300 есеге өсті, ал 5G технологиясы байланыс тарихындағы ең жылдам дамып келе жатқан технологияға айналып отыр. 

Ericsson Mobility Report 2021 есебіне сәйкес 2027 жылдың соңына қарай 5G желілерінде 4,4 млрд пайдаланушы болады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы