Бас жаңалықтар
Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған
17 Қараша 2020, 06:22 104

Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін Қазақстанда 986 оқушы КВИ жұқтырған, кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелген. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.

Онлайн оқитын оқушылар арасындағы сырқат деңгейі жоғары – 698 бала. Оқу жылының басында қалыпты режимде оқуға шектеу қойылды, соның арқасында 6 мыңнан астам баланың індет жұқтырған оқушылармен байланысын және 600-ге жуық коронавирус инфекциясы жағдайының алдын алдық, – деді А. Цой.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...