Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік кәсіпорын жұмыс істейді – Тоқаев

30 Қыркүйек 2021, 13:36
11596
Бөлісу:
Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік кәсіпорын жұмыс істейді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Алдымен Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинге пандемия кезінде көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

Ресей қайтарымсыз дәрі-дәрмекті жеткізді. Сондай-ақ азаматтарды жеткізуді жүзеге асырды. Ресейлік дәрігерлер бірнеше апта бойы қаазақстандық дәрігерлермен бірлесіп, өңірлерді тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеді. Ынтымақтастықтың тағы бір жарқын үлгісі Қарағанды фармацевтикалық кешеннің базасындағы ресейлік вакцинаның өндірпілуі болды, - деді ол.

Тоқаев атап өткендей, осының барлығы Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесті мен одақтасы екенін көрсетті.

Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік және 3,5 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Форум аясында 200 келісімшартқа қол қойылды. Осы кезеңде тауар айналымы 3,5 есеге өсіп, 19 млрд долларды құрады. Ресейден келетін тікелей инвестиция құны соңғы 5 жылда 16 млрд доллардан астам қаржыны құрады. Қазақстан Ресейге 4,5 млрд доллар инвестиция құйды, - деді ол.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы