Қазақстанда 354 мектеп оқу жылына санитарлық тұрғыда дайын емес – ДСМ

20 Тамыз 2021, 16:51
11079
Бөлісу:
Қазақстанда 354 мектеп оқу жылына санитарлық тұрғыда дайын емес – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының кезекті оқу жылын дәстүрлі штаттық түрде оқыту режиміне көшуі туралы шешім қабылдағаны белгілі.

Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп жатқан көрінеді.

Денсаулық сақтау саласын бойынша қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер әкімдіктермен бірігіп мектептердің оқу жылына дайындығы тексерілуде. Соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуіне басты мән беріледі. Бүгінгі таңда 354 мектеп оқу жылына санитарлық тұрғыда дайын еместігін көрсетті, - деді вице-министр өз сөзінде.

Білім мекемелерін тексеру жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.

Ал санитарлық талаптарға тоқталатын болсақ, мектеп ғимараттарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары, балалардың арақашықтықты сақтау туралы айқын белгілердің қойылуы ескеріледі. Сонымен қатар санитайзер сынды дезинфекциялау құралдарының болуы, мектепке кірер жолдағы бақылаудың қалай жүргізілетіндігіне қатаң мән беріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы