Қазақстанда 17 көтерме тарату орталығы салынады

7 Қыркүйек 2021, 10:14
2532
Бөлісу:
Қазақстанда 17 көтерме тарату орталығы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкімет отырысында айтты.

Сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті – кешенді сауда-логистикалық инфрақұрылым құру арқылы өндірушіден тұтынушыға дейінгі сауда-өткізу тізбегінқұру болып табылады. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі шеңберінде қазынашылық комитетінде тіркелген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды, - деді ол.

Ол атағандай, 2022 жылғы қаңтарға дейін 2 көтерме тарату орталығын жаңғыртып тапсыру жоспарланып отыр.

Қалған терме тарату орталықтарының құрылысын 2022 жылдың қаңтар айынан бастап, тамыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Екінші кезеңде 17 көтерме тарату орталығын салу жоспарлануда. Жеке әріптеспен бірлесіп, маркетингтік талдау жүргізілді, жер учаскелерінің 70%-і анықталды және оларды бөлу бойынша рәсімдер басталды. Екінші кезең бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу 2022 жылғы сәуірде, ал пайдалануға тапсыру 2024 жылғы тамызда жоспарлануда, - деді Қазанбаев.


Өзгелердің жаңалығы