Бас жаңалықтар
Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
19 Қазан 2020, 16:31 157

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 105 рұқсат қолданыста.

641 рұқсат бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары), 3 449 – екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілді. ШЖК тартуға берілген рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша берілді – тиісінше 7 461 адам және 1 125 адам. 

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 735 адам, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 694 адам тартылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1785 жұмыс беруші бар. Оларда 455 816 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды. 

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Украина – 3 511 адам, Таиланд – 1 723, Түркия – 1 669, Өзбекстан – 1 186, Сербия – 1 065. 

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 

2020 жылға ШЖК тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.


Фото: дереккөз
Загрузка...