Қазақстанда 10 мың шақырым жол мониторингтен өтті

22 Қазан 2020, 12:20
1170
Бөлісу:
Қазақстанда 10 мың шақырым жол мониторингтен өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы биыл 9 айда жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығарды.

Орталық республикалық тасжолдарға құралдық мониторинг жүргізіп, жағдайына баға беру бағытында қыруар жұмыс атқарған. Жоспар бойынша заманауи техникамен жабдықталған көшпелі зертханалар жыл соңына дейін республикалық автожолдардың 16,5 мың шақырымын тексеруі қажет. Бүгінде 10 мың шақырымы зерттелген. Елімізде мұндай ауқымды жұмыстар тәуелсіздік жылдарында алғаш рет жүргізіліп жатыр екен. 

Айта кету керек, зерттелген 10 мың шақырым жолдың 78%-ы тегістік индексіне сәйкес келеді. Ол жол жамылғысының күйін көлік құралы қозғалысының бірқалыптылығына сәйкес сипаттайды. 

Бұдан бөлек, 9 айда Орталық 20 мыңнан астам үлгіні таңдап, сынап көрген. Олардың 4 мыңы немесе 25%-ы нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, 7,5 мың заңбұзушылық белгілі болған. Анықталған олқылықтардың 88%-ы мердігер ұйымдармен түзетілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы