Қазақстан және Франция отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықты талқылады

14 Мамыр 2021, 14:05
1906
Бөлісу:
Қазақстан және Франция отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Еуропа және Франция Республикасының Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселесі бойынша министр-делегат Франк Риестермен, сондай-ақ «MEDEF International» Франция кәсіпорны қозғалысының өкілі Ив-Луи Даррикарермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Энергетика министлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы бірлескен ауқымды жобалардың іске асырылуын талқылап, жаңартылатын энергия көздері, мұнайды өндіру және инвестициялар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды.

ҚР Энергетика министрі Қазақстанда ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырып отырған «Total», «Orano», «Air Liquide» және т.б. ірі француз компанияларының тиімді қызметін атап өтті.

Бұдан басқа, «MEDEF International» француз-қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасының басшылығымен «Total», «Orano», «Alstom», «Air Liquide», «Idemia», «Lazard Freres», «EDF» француз компанияларының өкілдері атом энергетикасы, АМӨЗ және ПМӨЗ үшін сутегі және азот өнеркәсіптік газдарын өндіру және энергетика мен гидроресурстар саласындағы инженерлік қызметтерге қатысты бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін көтерді.

Қазақстандағы «Тоталь» компаниясының бас директоры Алем Фрига-Ной және «Total EREN» компаниясының Орталық Азия жөніндегі вице-президенті Тьерри Плэзан «Тоталь» компаниясының Қазақстанмен көпжылдық ынтымақтастығының, атап айтқанда компанияның NCOC консорциумында қатысуы арқылы оң қорытындылары туралы айтты, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаны іске асыру бойынша жоспарды қозғады, - делінген ақпаратта.

2018 жылдан бастап «Total EREN» компаниясы күн энергетикасы саласындағы екі жобаны: Қызылорда облысындағы «Номад» (28 МВт) жобасын және Жамбыл облысындағы М-КАТ (100 МВт) жобасын сәтті іске асырды.         

Кездесудің соңында тараптар отын-энергетика кешені саласындағы Қазақстан және Франция арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы