Бас жаңалықтар
Қазақстан жалақысы төмен елдер рейтингінің үштігіне ілінді
17 Қаңтар 2021, 16:16 597

Қазақстан жалақысы төмен елдер рейтингінің үштігіне ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан төменгі айлық көрсеткіші аз елдердің қатарына енді, деп жазды Picodi.com. 

Зерттеуге үкімет бекіткен төменгі айлық көрсеткіштері бар 56 ел қатысқан. Кейбір елде төменгі айлықтан салық ұсталмайды. Мысалы, Филиппин, Гонконг елдері. Алайда көптеген елде ресми және қолға алатын айлықта айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сондықтан зерттеуде таза қолға алынатын сома қарастырылған. 

Рейтингтің ең төменгі шегінде Өзбекстан тұр. Мұндағы төменгі айлық көрсеткіш 57 доллар шамасында (23 883 теңге). Екінші орында Нигерия, мұндағы төменгі жалақы 71 доллар (29 749 теңге). Үшінші орында Қазақстан, біздегі төменгі жалақы 88 доллар деп есептеліпті (36 872 теңге).

Ең жоғарғы көрсеткіш Люксембургте, мұнда төменгі айлық жалақы 2 241 доллар (938 979 теңге).


Фото: дереккөз
Загрузка...