Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында вакцинациялау қарқыны бойынша көш басында тұр

10 Қараша 2021, 09:44
993
Бөлісу:
Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында вакцинациялау қарқыны бойынша көш басында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасын табуда.

І компонентті 8,4 млн-нан астам адам салдырды, бұл екпе алуы тиіс халықтың 74%-ын немесе халық санының 44,8%-ын қамтиды. Екінші компонентті 7,7 млн-нан астам адам алды, бұл тиісті халықтың 67,8%-ын немесе халықтың жалпы санының 40,9%-ын құрады, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ ведомство басшысы республикамыздың халықтық имммунитетті қалыптастыруда әлем елдері арасындағы үлесіне де тоқталды.

Әлемнің коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан 205 мемлекеті арасында Қазақстан халықты індетке қарсы екпенің екі дозасымен қамту бойынша 105-орында тұр. Осылайша, жалпы халық санының 41%-ын қамтыған. ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан мен Әзірбайжан ғана халқының 40%-дан астамын вакцинациялау көрсеткішіне қол жеткізді, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін республикада коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 есеге қысқарғаны туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы