Қазақстан ТМД-дағы ірі экономикаға айналды – Назарбаев

17 Қараша 2021, 15:25
681
Бөлісу:
Қазақстан ТМД-дағы ірі экономикаға айналды – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Пандемия шын мәнінде біздің кездесулеріміздің кестесін өзгертті. Дегенмен бүгінгі таңда өз есігімізді ескі және жаңа достарымыз үшін айқара аштық. Біз бірнеше жыл бірге жұмыс істеген тұлғалармен кесдесіп, ел үшін маңызды мәселелерді шешкен едік. Бүгінгі отырысқа жиналғандарға ризашылығымды білдіремін. Қалыптасқан дәстүр бойынша біз елордаға әйгілі дипломаттарды, саясаткерлерді, әлемдік деңгейдегі сарапшыларды шақырдық. Бұл алаңда біз өзара түсіністікті өзара дамыта отырып, Үлкен Еуразияның мәселесін қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Елбасы «Астана клуб» алаңы халықаралық аренадан өзінің лайықты орнын алғанын айтты.
Осы жылы Қазақстан өзінің 30 жылдық мерейтойын тойлайды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті және мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде халық маған сеніп тапсырған болатын. Бұл халқымыздың тарихындағы маңызды кезең. Тарихи өлшем бойынша Қазақстан қысқа мерзім ішінде өте маңызды жетістікке қол жеткізді. Біздің еліміз нарықтық экономикаға өтіп, ТМД елдері кеңістігінде құрылымдық реформалар, сауда-саттыққа ашықтық аясында жұмыс жүргізді. Тәуелсіздік жылдары елдің ЖІӨ-сі 16 есеге артты. Бүгінгі таңда біз ТМД-дағы ірі экономикаға айналдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол атағандай, Қазақстан үлесіне осы аймақтың тең жартысы тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы