Қазақстан тіл табыса алмаған елдерді достастыруға күш-жігер таба білді – Назарбаев

17 Қараша 2021, 17:15
1502
Бөлісу:
Қазақстан тіл табыса алмаған елдерді достастыруға күш-жігер таба білді – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Мен Грузиямен болған жағдайларды білемін. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірқатар жетекші болды. Қазір Саакашвили Грузияда. Мен олардың барлығын жақсы білемін. Біздің көпвекторлығымыз - тағдырымыз. Қазақстан ЕЫҚҰ құрамына мүше. Егер де осы ұйымның бір мүшесіне қатысты шабуыл немесе агрессия болса, біз оған араласуымыз керек. Бұл орайда қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ біз мемлекеттерді достастыруға, дау тудырмауға жұмыс істеуге күш-жігер таба білдік, - деді Елбасы.

Назарбаев елдер арасындағы даулардағы Қазақстанның бітімгершілік қызметін айтты.

Сирия мәселесі бойынша, ядролық мәселелер Қазақстанда шешілді. Көпвекторлы саясат бізге жан-жақтағы елдердің сенімін арттырды. Біз ешкімнен қорықпаймыз. Біз тіл табыса алмаған елдер арасында бейбітшілік орнату үшін жұмыс істейміз. Болашақ туралы көп айтқанды жақсы көреміз. Алайда бүгінгі мәселелерді шешкен дұрыс. Қазіргі бар проблемаларды қаншалықты жақсы шешеміз, соншалықты болашағымыз да жарқын болмақ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы