Қазақстанның шетелге қанша тонна көмір экспорттағаны анықталды

28 Қыркүйек 2021, 17:24
2338
Бөлісу:
Қазақстанның шетелге қанша тонна көмір экспорттағаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көмір өнеркәсібі мен қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игисинов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

8 айда 13 млн тонна Ресейге экспортталды. Оның ішінде «Богатырь», «Арселлор Миттал», «Қазақмыс» сынды компаниялардың көмірі бар. Беларуське 697 мың тонна, Украинаға 574 мың тонна, Қырғызстанға 661 мың тонна, Өзбекстанға 568 мың тонна және Қытайға 84 мың тонна көмір жөнелтілді. Еуропа елдерінен Польша, Латвия, Финляндия, Скандинавия елдеріне 3,14 млн тонна көмір экспортталды, - деді ол.

Игисинов атағандай, 8 айда 19 млн тонна көмір экспортталды.

Арттырылатын көмір сапасы бойынша қажеттілік әртүрлі. Ресейге энергетикалық салаға арттырылса, Еуропаға көмірден басқа бұйымдар жасау үшін көмір экспортталады, - деді Жанат Игисинов.

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары 69,2 млн тонна көмір өндірді.

Өзгелердің жаңалығы