Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібі талқыланды

25 Қараша 2020, 21:51
1685
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қабырғасында «Екі ел сарапшыларының назарындағы Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараның негізгі міндеті қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ресейді зерттейтін қазақстандық беделді мамандар және Ресей Федерациясының Орталық Азия және Қазақстан мәселелерімен айналысатын сарапшылары қатысты. Кездесудің модераторы ретінде ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде әсіресе келесі жайттарға тоқталды.

Біздің елдеріміздің арасындағы қол жеткізілген саяси сенім деңгейі екіжақты қатынастардың жақын мерзімдік ғана емес, сонымен қатар стратегиялық перспективадағы орасан зор әлеуетін айғақтайды. Біз маңызды трансформациялық процестердің әлемдік саясат пен әлемдік экономикада ғана емес, сонымен қатар біздің елдеріміз бен қоғамдарымызда да болып жатқанын көреміз. Мәселен, 2021 жыл Қазақстан үшін де, Ресей үшін де, ішкі парламенттік сайлауды ескере отырып, ішкі саяси процестер тұрғысынан өте маңызды болмақ. Сонымен қатар, пандемияның салдарларымен күресіп, ынтымақтастыққа жаңа тәсілдер іздеу қажет. «Екінші жол» деп аталатын сарапшылардың өзара әрекеттестігі дипломатиялық тәжірибені дамытуда маңызды орын алады және жаңа, жоғары технологиялық тәсілдерді табуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда тек жаһандық саясатта ғана емес, сонымен қатар қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді зерттеу қажет, бұл өзгерістердің қаншалықты кездейсоқтық болғанын, олардың қалай ерекшеленетінін, бұл екіжақты қатынастардың болашағына қалай әсер ететіндігін білу қажет. Қазіргі таңда «бауырластық достықтың» жинақталған тәжірибесін тәуелсіздік жылдарында өскен жаңа ұрпаққа жеткізу де маңызды. Мемлекетаралық қатынастардағы барлық проблемалардың түп-тамыры, әрқашан да бір-бірін «білмеуінен» туындайды. Ақпараттың вакуумы түрлі қауесеттерді, болжамдарды, аллегорияларды тудырады ... Мұндай пікірталастар, біздің ойымызша, осы вакуумды толтыруға көмектеседі - деді ол.

ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан мен Ресейдің мығым және сенімді екіжақты қатынасына тоқталды.

Халықаралық күн тәртібінің өзгеру жылдамдығы және болжамсыздығы үнемі артып келеді. Біздің көз алдымызда әлемдік саясат пен экономикада «қара аққулар» бірінен соң бірі пайда болуда. Коронавирустық пандемия, сауда соғыстары, энергетикалық нарықтардағы құбылмалылық, біздің шекараларымызға жақын межелерде «ұйқыдағы» қақтығыстардың жандануы мен жаңаларының пайда болуы – бұл біз өмір сүріп отырған объективті шындық. Қазақстан мен Ресей мығым және сенімді екіжақты қатынастармен байланысқан және бірыңғай қауіпсіздік архитектурасы шеңберінде қалыптасқан ең жақын одақтастар ретінде осы қиын жағдайларда жаңа тәсілдер тауып, жаңа сын-қатерлерге жауап беруі керек - деді Зарема Шәукенова.

Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының жанындағы Халықаралық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев «күйрейтін әлемдегі» белгісіздік жағдайында ең жақын серіктестер де екіжақты қатынастарды жаңа жағдайларға бейімдеуге мәжбүр екенін айтты.

Өйткені біз өзімізге түсінікті деп санаған көптеген келмеске кетті. Қазір жетекші мемлекеттердің жоспарлау көкжиегі күрт төмендеді. Саясат құру міндеттерін шешу өте маңызды өлшемге ие болады. Барлық басқару деңгейлерінде жоспарлау мен шешім қабылдаудағы көптеген ескі проблемалар жұмыс істемейтіндігі туралы түсінік болуы керек - деді ол. 

Осыған байланысты А.Казанцев сарапшылар деңгейінде өзара іс-қимыл мен пікір алмасудың қажеттілігін атап өтті.

 Қазақстан-Неміс Университеті жанындағы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов ЕАЭО қызметіне баса назар аударды. Оның пікірінше, пандемия кезінде туындаған барлық шектеулер мен кедергілерді кезең-кезеңімен жою жоспарын әзірлеу, ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын күшейту, Одақтың мүдделі елдерімен ортақ тауар тарату желісін құру бағытында көліктік-логистикалық қызметті дамыту қажет. ЕАЭО-тың қаржылық және материалдық-техникалық әлеуетін Орталық Азиядағы аймақтық: су-энергетикалық, көлік және коммуникациялық, аграрлық және азық-түлік, экологиялық экономикалық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға белсендірек және жүйелі түрде тарту қажет - деді ол.

 Ресей стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми-зерттеу үйлестіру орталығының (РСЗИ) аға ғылыми қызметкері Иван Ипполитов екіжақты ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атап өтті. 

COVID-19 пандемиясы әлемнің барлық елдеріне ауыр және күтпеген соққы болды. Бұл еуразиялық интеграцияның барысына да кері әсер етті. Біздің елдер жинақталған тәжірибені ескеріп, болашақта осындай қиындықтарға дайындалуы керек - дейді ресейлік саясаткер.

Азиялық зерттеулер институтының директоры, «Центр Азии» журналының бас редакторы Сұлтан Әкімбеков екі ел арасындағы екіжақты достық қатынастардың тереңдеуі жалпы тарих, саяси байланыстар мен экономикалық қатынастарға байланысты Қазақстан мен Ресей үшін жалғыз жол екенін айта келе, бірқатар практикалық мәселелерді көтерді - ЕАЭО мүшелерінің субъективтілігін сақтау, COVID-19 пандемиясына байланысты гуманитарлық көмек көрсетуге және саудадағы теңгерімсіздіктерді теңестіру.

Ресей ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтының Орталық Азия секторының аға ғылыми қызметкері (РҒА ӘЭХҚИ) Станислав Притчин, Қазақстан мен Ресей ЕАЭО-ның локомотивтері және аймақтың негізгі субъектілері екенін айта келе, ол жақын болашаққа арналған бірлескен іс-қимылдардың күн тәртібін ұсынды.

Ресей мен Қазақстан үшін қазіргі кезеңде ерекше жауапкершілік жүктейтін міндеттер мен сын-қатерлердің тұтас кешені бар. Олардың арасында біздің елдеріміз тең құрылтайшылар болып табылатын ЕАЭО-ның келешегі мен ұзақ мерзімді мақсаттары тұр. Жақын айларда ұйымды алдағы бес жылға дамыту жоспары қабылдануы керек. Көршілес Қырғызстандағы кезекті тұрақсыздандыру Ресей мен Қазақстанның алдына оңтүстік көршісіне қатысты бірлескен ұстанымдар қабылдау және біздің елдеріміздің Қырғызстан үшін маңыздылығын ескере отырып, онымен жағдайды қалыпқа келтіруге көмектесу міндетін қояды - деді ол.

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин өзінің сыртқы саясаттағы ойымен бөлісті.

Ресей Орталық Азияның бес республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға және сонымен бірге бұл аймаққа деген көзқарасты біршама түзетуге ниетті. Бұл үстіміздегі жылдың қазан айындағы сыртқы істер министрліктері басшыларының «ОА + 1» форматындағы кездесулерінің қорытындылары бойынша жарияланған бағдарламалық мәлімдемеден туындайды. Ресей үшін бұл оның Орталық Азия аймағына деген көзқарасының белгілі эволюциясын білдіреді. Бұрын ол бес елмен екіжақты байланысты дамытты, немесе олармен посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктердің - ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД мүшелері ретінде жұмыс істеді - деді саясаткер.

Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті - өзгермелі жағдайда екіжақты ынтымақтастықтың мақсаттары мен басымдықтары туралы ұстанымдарды келісу болды. Кездесу барысында COVID-19 қоздырған дағдарыстан кейін ұлттық экономиканы қалпына келтіру және ЕАЭО «төрт бостандығын» жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

Талқылаудың тағы бір бөлігі қауіпсіздік күн тәртібіне арналды, посткеңестік кеңістіктегі «ыстық» кезеңге өткен нақты қақтығыстардан бастап, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ны реформалау қажеттілігі аясындағы ұжымдық қауіпсіздік архитектурасының мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, сарапшылар кездесуіне ҚСЗИ атынан бас ғылыми қызметкерлер Леся Қаратаева мен Вячеслав Додонов, ғалым хатшы Қазбек Исаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің (ХЗБ) басшысы Әсел Назарбетова, аға сарапшы Болат Тоқабаев, ХЗБ аға ғылыми қызметкерлері Анастасия Решетняк және Қымбат Нұрғалиева қатысты.

«Екі елдің сарапшыларының назарындағы Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібі» дөңгелек үстелі қазақстан-ресейлік ғылыми зерттеу ынтымақтастығының сақталуы мен дамуына ықпал етеді және сарапшылар деңгейінде екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының басымдықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы