Қазақстан президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

12 Қазан 2019, 12:06
2160
Бөлісу:
Қазақстан президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірге Жасыл Қазақстан" шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Шараға премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде "Экологиялық сағат" шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.
Өзгелердің жаңалығы