Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтады

7 Сәуір 2021, 21:33
1749
Бөлісу:
Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында елде 11,6 млн тонна мұнай өндірілген, бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 13,2%-ға аз. Шектеу ОПЕК + келісімімен қарастырылған.

Көп ұзамай көрсеткіштер көтерілуі мүмкін. Өйткені 1 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр мен маусымда мұнай өндіруді тәулігіне 350 мың баррельге, ал шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге арттыруға келісті, деп хабарлайды BBC.

Бұл пандемия кезінде қабылданған мұнай өндірісіне қатаң шектеулерден біртіндеп шығуды білдіреді. Осы шешімнен кейін мұнай қымбаттай бастаған еді. ОПЕК + келесі кездесуі 28 сәуірге жоспарланған.

Екі айда ең көп мұнай Атырау облысында өндірілген екен, 7,5 млн тонна дегенмен, бір жыл бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда 16,1%-ға аз. Үштікке Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кірді, онда мұнай өндіру тиісінше 2,6 млн және 758 мың тонна. Негізгі өңірлерде «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалы, «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ (Атырау облысы), «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС (Маңғыстау облысы) және басқа да компаниялар жұмыс істейді.

Еnergyprom.kz сайтының мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында компаниялар мұнай өндіруді 7,1%-ға, 73 млн тоннаға дейін қысқартты.

Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтады

Қаңтар айында елді өндірілген 5,9 млн тонна мұнайдың ішкі нарықта бар болғаны 721,3 мың тоннасы қолданылды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,8 есе аз. Экспорт үлесіне ресурстардың 87%-дан астамы тиесілі. Ел сыртқы нарыққа сомасы 1,6 млрд АҚШ долларына 5,2 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізген.

Қазақстан мұнайының негізгі импорттаушылары Италия болып табылады (389,1 млн АҚШ долларына 1,3 млн тонна), Нидерланды (319,9 млн АҚШ долларына 1 млн тонна) және Испания (170,2 млн. долларға 559,3 мың тонна).

Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтады

ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылы мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлейді, ол 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде өндіріс көлемі 9 есеге артып, 2 млн тонна мұнай-газ химиясы өнімін құрамақ. Ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен 3,9 млрд АҚШ долларын құрамақ.



Өзгелердің жаңалығы