Қазақстанның мұнай қоры бойынша 4-орынға көтерілуге қауқары бар – Жақсылықов

22 Қыркүйек 2021, 18:23
23008
Бөлісу:
Қазақстанның мұнай қоры бойынша 4-орынға көтерілуге қауқары бар – Жақсылықов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында Қазақстан мұнай-газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов еліміздің мұнай саласы туралы сөз қозғады.

Әлемде мұнай өндірісі бойынша 20 елдің қатарына кіреміз. 14-15-орындамыз. Бірақ мұнай қоры бойынша 11-орында тұрмыз. Бірақ мұнай қорын көбейтуге және дүниежүзі бойынша 4-орын алуға Қазақстанның мүмкіндігі бар, - деді Рашид Жақсылықов.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейінгі мәліметтер Кеңес Үкіметі кезінде жүргізілген барлау жұмыстарына сәйкес айтылып келеді.

Егемендік алғалы бізде барлау жұмыстары мүлде тоқтап қалды. 2011 жылы барлау жұмысын күшейту бағдарламасы болды. Себебі біз банк секторы, өндіріс бойынша дамымадық, тек қана шикізат қоры ретінде дамып отырмыз. Сондықтан жаңадан инвесторлар тарту керек, - деп айтты сарапшы.

Маман 30 жыл ішінде Қазақстан мұнай саласында қадрларды қаншалықты дайындай алғаны туралы айтып берді.

Қазіргі таңда біз құрылыс жұмыстарын толығымен меңгердік. Сонымен қатар қызмет көрсету, тасымалдау бойынша шамамен 90%-ға жеттік. Қазір қабырғамызға батып жүрген екі сала бар. Біріншісі – өндіріс. Қазақстанда мұнай-газ өндірісіне қажет тетіктерді шығару жоқтың қасы деп айтуға болады. Тіпті темір өзімізден шыққан күннің өзінде үлкен зауыттарды салу үшін модульдер қажет. Оның өзін бүгінгі күні Қытай не Оңтүстік Кореядан аламыз. Ал шын мәнінде Қазақстанда мұндай 7-8 зауыт бар. Неге екенін белгісіз инвесторлар Қытай мен Оңтүстік Кореяның өндіріс компанияларына үлкен сенім артып отыр. Біздің өндірістің ірі операторлардағы қазіргі үлесі 4%-дан аспай отыр. Осыдан «неге өндіріс дамымай отыр?» деген сұрақ туады. Мұның негізгі 3 себебі бар. Біріншісі, біздің мемлекеттің өзінің стандартизациясы жоқ. Қазіргі таңда мұнай-газ өндірісінде дүниежүзілік қауымдастықтың стандартымен жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Рашид Жақсылықов.

Ол өндірісті ашу үшін үлкен қаражат керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы