Қазақстан мен Сербия екіжақты қарым-қатынастарды нығайтады
10 Қараша 2021, 15:34 89

Қазақстан мен Сербия екіжақты қарым-қатынастарды нығайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесті, деп хабарлады СІМ.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылап, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай өзара байланыстарды жандандыруға өзара ниеттерін атап көрсетті.

Қазақстан елшісі Сербия тарапына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастамасын қолдауға және тиісті серіктестік бағдарламасының Хартиясына қосылуға дайындығы үшін ризашылығын білдірді.

Министр Н.Селакович өз кезегінде елші М.Атамқұловты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Сербияға Косово және Метохия мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, ҮАК кезекті отырысын өткізу, нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...