Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

30 Қыркүйек 2021, 13:26
13243
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.

Форум аясында мемлекеттер басшыларының онлайн форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.

Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.

Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң.

Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді.

Өзгелердің жаңалығы