Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері Мәскеуде кездесті

9 Қараша 2021, 21:08
1008
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері Мәскеуде кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі бастаған Қазақстан әскери делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырыс қарсаңында Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомство басшыларының кездесуі өтті.

Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен армия генералы Сергей Шойгу 2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан және Ресей стратегиялық әріптестігінің жаңа бағдарламасын бекітті. Бағдарлама екі ел арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың жаңартылған ережелерін дамыту үшін әзірленді.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар жауынгерлік даярлық шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл аспектілерін, оның ішінде келесі жылы бірлескен оқу-жаттығулар мен Армия халықаралық ойындарына қатысу жөнінде сөз қозғады.


Өзгелердің жаңалығы