Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
24 Маусым 2021, 19:25 7974

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде өткен IX халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференция барысында Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің екіжақты кездесуі өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Ермекбаев пен Сергей Шойгу екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселелерін талқылады.

Халықаралық ахуалдың кейбір мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен Орта Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы сөз қозғалды.

 



Фото: дереккөз
Загрузка...