Қазақстан мен Пәкістан Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды
28 Қазан 2021, 15:43 149464

Қазақстан мен Пәкістан Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Пәкістан Ислам Республикасы қорғаныс ведомствосы делегациясының басшысы генерал-майор Мәжид Жаһангермен хаттамалық кездесу өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тараптар екі елдің әскери ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Пәкістан делегациясы Қазақстан-Пәкістан әскери комиссиясының бірлескен алтыншы отырысына қатысуға келді. Отырыста екі ел әскери ведомстволарының 2021 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. 

Жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларына қатысты шаралар енгізілді.

Қазақстанға сапар барысында Пәкістан делегациясы Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығына барады.









Фото: дереккөз
Загрузка...