Қазақстан мен Өзбекстан жол желісін дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

6 Сәуір 2021, 12:31
1211
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан жол желісін дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының елордасы - Ташкент қаласында өткен жиын барысында Компания өкілдері ақылы автожолдар желісін дамыту туралы меморандумға қол қойды. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ баспасаөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ мен Өзбекстан Республикасының «В-Тес» ЖШҚ компаниялары серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Өзбекстан Республикасының елордасы - Ташкент қаласында өткен жиын барысында Компания өкілдері ақылы автожолдар желісін дамыту туралы келісімге келді. 

Меморандум шарттарына сәйкес, ұлттық компания Өзбекстандық әріптестеріне ақылы жүйені дамыту ерекшеліктері мен электрондық төлем қабылдау жүйесін енгізу барысында кеңес беретін болады,- делінген хабарламада.

ҚазАвтоЖол еліміздегі электрондық төлем қабылдау жүйесін өз мамандарының күшімен жасап шығарғанын атап өту керек.

Өзгелердің жаңалығы