Қазақстан мен Малайзия электрондық коммерцияны кеңейтіп жатыр

4 Ақпан 2021, 12:10
1783
Бөлісу:
Қазақстан мен Малайзия электрондық коммерцияны кеңейтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшілігі онлайн-платформада халал өнімдерімен сауда жасау саласында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен малайзиялық «Aladdin» компаниясының қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға елші Болат Иманбаев, Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ маркетинг және электрондық коммерция департаментінің директоры Өжет Шегірбаев, «Aladdin» компаниясының негізін қалаушы және басшысы Десмонд То және қатысты.

Кездесу барысында тараптар электронды сауда, «Aladdin» платформасындағы халал өнімдерінің саудасы, қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) нарығына және малайзиялық компаниялардың Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына шығу саласындағы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады. Компания басшылығы электронды сауда және халал индустриясы саласындағы ОША нарығы туралы, «Aladdin»-нің жұмысы, платформадағы сауда-саттық қағидаттары және тіркелу туралы толық ақпарат берді.

Бейнеконференция нәтижесінде тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, өз тауарларын ОША нарықтарына шығару үшін қазақстандық компаниялардың тізімін пысықтау, «Aladdin» компаниясын «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізінде тіркеу туралы және ҚР Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша келісімдерге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы