Қазақстан мен Канада СІМ басшылары Ауғанстандағы жағдайды талқылады

2 Қыркүйек 2021, 23:35
24338
Бөлісу:
Қазақстан мен Канада СІМ басшылары Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарномен телефон арқылы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі ахуалды, атап айтқанда жаңа билікпен өзара іс-қимыл жолдарын және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

Екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы