Қазақстан мен Эквадор арасындағы инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп жатыр

27 Қаңтар 2021, 17:41
1204
Бөлісу:
Қазақстан мен Эквадор арасындағы инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен инвестиция тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі «Pro Ecuador» агенттігінің қызметіне жетекшілік ететін Эквадордың Өнеркәсіп, сыртқы сауда, инвестиция және балық шаруашылығы министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Аталған құжат өзара коммерциялық байланыстарды дамытуға және сауда айналымының көлемін, екіжақты инвестициялар мен технологиялар трансфертін ұлғайтуға бағытталған. 

Меморандумды іске асыру Бразилиядан кейін біздің еліміздің Оңтүстік Америка өңіріндегі ең ірі сауда әріптестерінің бірі – Қазақстан мен Эквадор арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

2020 жылдың 11 айында Қазақстан мен Эквадор арасындағы тауар айналымы 24,6 млн долларды құрады. Қазақстан экспортының негізгі тауарлары пластмассадан әзірленген бұйымдар, вулканизацияланған резиналар мен қара металдар жасалған бұйымдар құрайды. Эквадор біздің елге гүлдер және банан, көшеттер мен тұқымдықтарды, сондай-ақ балық өнімдерін жеткізеді, - деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы