Қазақстан мен Беларусь АӨК өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыруға ниетті – АШМ
04 Қараша 2021, 18:53 101

Қазақстан мен Беларусь АӨК өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыруға ниетті – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 23-ші FoodExpo Qazaqstan «Тамақ өнеркәсібі» Орталық Азия халықаралық көрмесі алаңында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Рүстем Құрманов Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары Игорь Брыло бастаған Беларусь Республикасының делегациясымен кездесті. 

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі екіжақты ынтымақтастықты, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, сортты сынау, сүт индустриясын дамыту, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ Беларусь Республикасының ұлттық экспозициясының ашылуына қатысты.

Осындай үлкен құраммен біздің халықаралық көрмеге қатысқаныңыз үшін сізге өз алғысымды білдіргім келеді.  Бұл Беларусьтің Қазақстан Республикасымен ауыл шаруашылығы саласында жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға деген терең қызығушылығының дәлелі, – деді вице-министр.
АӨК өнімдерінің өзара сауда көлемін ұлғайту екі министрліктің бірлескен жұмысы үшін бірінші кезектегі басымдық болып табылады. Пандемияға байланысты АӨК өнімдерімен тауар айналымының төмендеуіне қарамастан, елдер арасындағы сауданы дамыту әлеуеті одан әрі дамудың үлкен перспективаларына ие.

Бүгінгі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басым міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру, – деді Рүстем Құрманов.
Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады, вице-министр атап өткендей, Қазақстан ішкі нарықты қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Осы бағыттағы бірлесіп, ынтымақтастық орнатуды ұсынамын. Бұл жерде сіздің еліңізді барлық негізгі азық - түлік өнімдері бойынша өзін толық қамтамасыз ететін мемлекет ретінде білеміз, – деді Рүстем Құрманов.
Келіссөздер қатысушылары сұрыпты сынау саласындағы тығыз ынтымақтастықты атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде беларусьтық селекцияның ауыл шаруашылығы дақылдарының 10 сорттары бар, сынақта беларусьтық селекцияның 3 алма ағашы бар. Қазақстан тарапы осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.
Өздеріңіз білетіндей, Қытайда сұранысқа ие тауарлардың бірі – табиғи сүт өнімдері. «Қорғас» ХШЫО аумағында Қытай нарығына бағытталған сүт өнімдерінің бірлескен өндірісін іске асыру мәселесін талқылауға оралуды ұсынамын. Сондай-ақ, бізге сүттен балалар тағамын өндіру бойынша Беларусь тәжірибесі қызықты, – деп атап өтті Вице-министр.
Соңында вице-министр Беларусь делегациясына сапары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Фото: дереккөз
Загрузка...