Қазақстан мен Армения вакцинация паспортын тану бойынша келісімге келді
19 Қараша 2021, 22:54 113

Қазақстан мен Армения вакцинация паспортын тану бойынша келісімге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой армян әріптесі Анаит Аванесянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрліктердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады.

Армения вакцинациялау паспорты Қазақстанда танылған 17-ші мемлекетке айналды.

ҚР аумағында келесі елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы, - делінген елдің бас дәрігерінің қаулысында.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта 2024 жылға дейін қамтамасыз етілуі тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс – шаралар жоспары талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан денсаулық сақтау министрі әріптестерімен бірге Эребуни медициналық орталығына барды, ол елдің ең ірі медициналық мекемесі болып табылады, онда халыққа әлемдік стандарттарға сәйкес көп бейінді, жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...