Бас жаңалықтар
Қазақстан мектептерінде қанша мұғалім жетіспейді?
27 Қыркүйек 2021, 16:03 1960

Қазақстан мектептерінде қанша мұғалім жетіспейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшылығы қай аймақта бар екенін айтты.

Бүгінгі күні елімізде мұғалім тапшылығы сезілетін мектептер бар. 1 қыркүйек күні Қосшы қаласындағы мектепте болдым. Мұнда бала көп және олар үш ауысымда оқиды. Оның шешімі де бар. Осы жылы Қосшыда бір мектеп және келесі жылы тағы бірнеше мектеп салынады. Осылайша, Қосшыдағы мектептегі оқушылар орны тапшылығы шешіледі, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Министр атап өткендей, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін кемінде 1 000 мектеп салуды тапсырды.

Сонымен қатар Аймағамбетов мұғалім тапшылығына қатысты сауалға тоқтала кетті.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 мыңнан аса педагог вакансиясы бос тұр. Бұл еліміздегі 350 мың мұғалім айтарлық көп емес екенін көрсетеді. Мұғалім жетіспеушілігі, әсіресе, шағын жинақталған ауыл мектептерінде байқалады. Сондай-ақ мұғалім жетіспеушілігі сезілетін үш өңірді атауға болады. Олар – Атырау, Алматы және Түркістан облыстары, - деп толықтырды БҒМ басшысы.

Оның сөзінше, бұл өңірлерде 400-ден 600-ге дейінгі бос орын бар.

Бас ұстаз 1 000 мектепті салудағы негізгі міндет педагогтарды даярлаумен байланысты екенін атады. Яғни мектептерді салған кезде тек инфрақұрылым ғана емес, сонымен бірге педагогтарды да дайындау қажет.

Бүгінгі күні білім беру бағдарламаларын жаңартып жатырмыз. Педагогика мамандығына гранттар саны да артуда, - деді министр Аймағамбетов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...