Қазақстан машина жасаушыларының VII форумын өткізуге 60 млн теңге бөлінді

12 Қыркүйек 2019, 16:42
2068
Бөлісу:
Қазақстан машина жасаушыларының VII форумын өткізуге 60 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Форумды өткізуге министрліктен ақша бөлініп отыр. Оған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының көмегімен өтіп келді. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Төрағаның айтуынаша, қыркүйектің 12-13 аралығына жоспарланға бұл форумды өткізуге Үкіметтен 60 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, еліміздегі машина жасау саласындағы өндіріс орындары, мұнай-газ және тау-кен саласындағы компаниялар да өз үлесін қосып отыр.

«Форумның аясында машина жасау саласы бойынша жылдан-жылға нақты ұсыныстар қабылданып, түрлі нәтижелерге қол жеткізудеміз. Сонымен қатар, үкімет тарапынан рекомендациялар жасалуда. Өткен жылғы форум аясында Қазақстандық машина жасау саласын дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу шешімі қабылданған болатын. Нәтижеінде осы жылдың 26 маусымында премьер-министрмен машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған «жол картасы» қабылданды. Осы бағдарламаны іске асыру аясында отандық машина өндірісін жоқ дегенде екі есеге арттыруды көздеп отырмыз», - деді ол.

Мейрам Пішембаев еліміздегі машина жасау ісі ақырын болсын алға жылыжып келе жатқанын айтады. Қазір машина жасау саласындағы көшбасшылар мұндай жетістіккке бірден келе қоймаған.

«Машина жасау өндірісімен айналысып жатқан елдердің кейбірі осы салада 60-жылдай жұмыс атқарып, енді ғана жақсы жетістікке қол жеткізіп жатыр. Мәселен, Оңтүстік Корей елін атауға болады. Бізде 2010 жылға дейін тепловоз, электровоздар жасайтын ешқандай аптопром болмады. Алдыға қойылған тапсырма машина жасау саласында кадрларды жинақтап, оларды дайындау болды. Енді 2021 жылдан бастап елімізде өндірілген көліктердің 50 пайызы елімізде локализацияда болған жағдайда ғана ЕЭО елдеріне шығаруды көздеп отырмыз», - деді Мәжіліс депутаты.

Осыған дейін соңғы жылдары еліміздің машина жасау саласында тұрақты өсім байқалғаны туралы айтқанбыз. 


Өзгелердің жаңалығы