Бас жаңалықтар
Қазақстан «қызыл» аймақта тұр – Цой
28 Шілде 2021, 16:44 690

Қазақстан «қызыл» аймақта тұр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.

Министр атағандай, пандемия басталғалы әлемде 195 млн-нан аса коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді.

4 млн-нан аса адам көз жұмды. ДДСҰ-ның соңғы деректеріне сәйкес коронавирустың дельта штамы 124 елде таралған. Сонымен қатар ДДСҰ «лямбда» штамы анықталғанын мәлімдеді. Бұл штамм алғаш рет 2020 жылы Перуде тіркелген. Қазіргі күні оны 30 елде 3 мың адам жұқтырғаны анықталып отыр. Ол көбіне Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде тіркелген, - деді Алексей Цой брифингте.
Цойдың айтуынша, жаңа штамдардың тіркелуі халықтың көп бөлігінің вакцина алмағанының көрсеткіші болып отыр.
Қазақстанда 28 шілдедегі жағдай бойынша 549 628 (КВИ+) жағдайы тіркелсе, 60 018 КВИ- жағдайы анықталды. Науқастардың шамамен 84 пайызы емделіп шықты. Эпидемиологиялық матрицаға сәйкес Қазақстан және 16 өңір «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта тек Түркістан облысы орналасқан, - деп атап өтті министр.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте 6925 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды.

Фото: дереккөз
Загрузка...