Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

17 Қараша 2020, 09:06
1944
Бөлісу:
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі. 

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.


Өзгелердің жаңалығы