Қазақстан құрылыс саласында бірыңғай жүйе енгізуді ұсынды

24 Маусым 2019, 18:28
2287
Бөлісу:
Қазақстан құрылыс саласында бірыңғай жүйе енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес келетін бірыңғай BIM-бағдарланған құрылыс ақпаратын жіктеу жүйесін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ИДДМ министрлігінің баспасөз қызметі.

Жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі ТМД елдері арасында құрылыс салаларында интеграциялық процестерді жүзеге асыру үшін мүмкіндік береді.
ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов аталған жіктеу және кодтау жүйесін ТМД елдеріне нормативтік-құқықтық деңгейде бекіту мәселесін қарауды ұсынды.  Ұсыныс қазіргі уақытта Тюмень қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің XXXIX отырысында айтылды.

Мархабат Жайымбетов қазіргі уақытта Қазақстанда және ТМД-на қатысушы басқа елдерде бір-бірімен байланыспаған бірнеше шашыраңқы классификаторлар бар екенін хабарлады. Баға белгілеу жүйесінің жіктеуіштері өнеркәсіп құрылыс саласында пайдаланатын тауар номенклатурасының жіктеуіштерімен сәйкес келмейді, бірақ сол немесе басқа қызметтің түпкі мақсаты ғимарат немесе құрылғы салу болып табылады.
Құрылыста жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесін құрудың негізгі мақсаты оларды халықаралық талаптармен үйлестіру жағдайында ұлттық стандарттарға негізделген бірыңғай ақпараттық қаңқаны құру болып табылады.

Құрылыста жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесін әзірлеумен Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ"АҚ) мамандары айналысады.

"Құрылыс саласында ақпараттық үлгілеуге көшу бұрын "тегіс" жобалау кезінде өзекті немесе басым болып табылмайтын бірқатар мәселелерді көтерді, мысалы, құрылыс процесіне қатысушылар арасында ақпарат беру сияқты мәселелерді. Бірыңғай жіктеуіш ақпаратты дәл сәйкестендіруге және шатасуды төмендетуге мүмкіндік береді. Классификатордың негізгі рөлі құрылыс ақпаратының функционалдық және техникалық сипаттамаларын бөлу болып табылады. Жіктеуіш ақпараттың мынадай аспектілерін қамтиды: орналасқан жері, функционалдық мақсаты және техникалық жүйелерге тиістілік аспектісі. Жіктеудің бұл тәсілі атом саласында қолданылады, біз оны құрылыс саласының ерекшеліктерін ескере отырып бейімдедік және қолдандық. Қазіргі уақытта Қазақстанда ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сайтында қолжетімді ақпараттық платформа іске асырылды",- деп түсіндірді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ дамыту және цифрландыру жөніндегі Басқарушы директоры Александр Шахнович»

Құрылыс ақпаратын жіктеу және кодтаудың Бірыңғай жүйесімен жұмыс істеу барысы туралы айта келе, Александр Шахнович ТМД елдерінің мамандарына құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша ТМД-на қатысушы мемлекеттердің базалық Ұйымы жанындағы ТМД елдерінің құрылыс жұмыстарындағы ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның жұмысы шеңберінде осы жобаға қосылуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы