Бас жаңалықтар
Қазақстан Косовомен жолдастық кездесу өткізеді
23 Сәуiр 2021, 15:33 171

Қазақстан Косовомен жолдастық кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Косовомен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты келіссөздер аяқталып, УЕФА бұл ойынның өтуіне рұқсат берді. Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Косово құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында ойналады деп жоспарланып отыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетуіміз керек, Косово мен Қазақстан құрамалары осы кезге дейін бірде-бір кездесу өткізбеген. Десе де, Косово құрамасының ойыншысы Бернард Бериша Марат Быстровпен бірге «Ахмат» командасында тізе қосып өнер көрсетеді. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы «Лацио» шабуылшысы Ведат Мурики екенін айта кетейік.

Фото: дереккөз
Загрузка...