Қазақстан коронавирус инфекциясы бойынша «сары» аймақта

11 Қазан 2021, 12:26
18766
Бөлісу:
Қазақстан коронавирус инфекциясы бойынша «сары» аймақта

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, министрлік болжау мен матрица негізінде елдегі эпидемиологиялық жағдайға бағалау жүргізіп отырады.

Осылайша, шектеу шараларын күшейту немесе әлсірету бойынша шешімдер қабылданатынын алға тартты.

Бүгінгі таңда Қазақстан және 6 аймақ, соның ішінде Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары «сары» аймақта тұр. «Жасыл» аймақта 6 өңір: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы бар. 5 аймақ: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта қалып отыр, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі. 

Сондай-ақ ведомство басшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан орын алған эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастаған. Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеледі. 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда репродуктивті мөлшер 1,2 есеге азайды, яғни 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар СOVID-19 тудырған індеттің төрт толқынын бастан өткергені туралы жазған болатынбыз.


 


 

Өзгелердің жаңалығы