Қазақстан көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба?

23 Ақпан 2021, 10:55
1843
Бөлісу:
Қазақстан көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық барысын баяндады.

Осы жылы 12 ақпанда республикалық деңгейде Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр, оның барысында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексеріледі, - деді министр.

Ильин атап өткендей, «Қазгидрометтің» алдын ала болжамына сәйкес Шағалалы өзенінің бассейндеріндегі қар қорының көлемі 29%-дан асатын Ақмола облысын қоспағанда, өзен бассейндеріндегі қар қорының көлемі нормадан төмен және норма шегінде.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының Есіл және Тоғызақ өзендерінде қазіргі уақытта қар қоры норма шегінде. Қазіргі уақытта ірі су қоймаларының орташа толуы 70-75%-ды құрайды. Сонымен қатар бос көлемдер қорын ұстау қажет. Осыған байланысты әкімдіктер мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су қоймаларының толу деңгейін бақылауы қажет, - деп айтты ТЖМ басшысы.

Министрдің айтуынша, өткен бес жылда автомобиль жолдарында, 34 автомобиль көпірінде жеті жүзге жуық судың тасуы орын алды, темір жолдардың 7 учаскесінде су жайылды.

Бүгінгі күні республика бойынша судың жайылуына бейім 482 автомобиль жолының учаскесі және алты жүзден астам теміржол учаскесі бар. Көлік инфрақұрылымында судың тасуына және оның бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктерге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, күні бұрын қорғау және алдын алу іс-шараларын жүргізуді қажет деп санаймыз. Бүгін су тасқыны кезеңіне толық дайындық туралы айтуға әлі ерте, - деді Юрий Ильин.

Оның сөзінше, күннің күрт жылынуы, қардың тез еруі, сондай-ақ жауын-шашын жағдайында елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін.

Осыған байланысты Министрлік авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобын құрды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер, 1 800-ден астам бірлік техника, 27 тікұшақ, 330 жүзу құралы және бір мыңнан астам мотопомпа.

Халықты хабардар ету мәселелері қаралды. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде үш мың адамға арналған шатырлы лагерьлер дайындалды. Күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін Қазавиақұтқару әуе кемелері үнемі дайын. Жағдай нашарлаған жағдайда біз резервтік топтардың күштері мен құралдарын көшіруге дайынбыз, - деп айтты ТЖМ министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ОКҚ-де өткен брифингте ТЖМ вице-министрі елімізде су алып кету қаупі бар аймақтар атаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы