Қазақстан керлингтен халықаралық жарыста алғаш рет медаль жеңіп алды
PHOTO
11 Қараша 2021, 17:11 78

Қазақстан керлингтен халықаралық жарыста алғаш рет медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан отандық керлинг тарихында алғаш рет халықаралық жарыста медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының ширек финалдағы кездесулері аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты, - делінген хабарламада.


Енді Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. Бұл кёрлингтен халықаралық бәсекелерде біздің спортшылар жеңіп алған алғашқы жүлде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...