Қазақстан қалаларындағы метеожағдай

24 Қараша 2020, 08:46
1000
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы метеожағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қараша, сейсенбі күні республиканың бірқатар қаласында ауа сапасының ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің бірнеше қаласында – Атырау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Өскемен, Шымкент және Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Көкшетау мен Петропавлда ауа сапасы аздап нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


Өзгелердің жаңалығы