Қазақстан елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

10 Қыркүйек 2021, 00:25
1755
Бөлісу:
Қазақстан елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) жанындағы Өкілдігінің басшысы, Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми рәсімнен кейінгі кездесу барысында тараптар Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ «Бір серіктес – бір жоспар» тұжырымдамасы аясында Қазақстан мен НАТО арасындағы 2022–2025 жылдарға арналған жаңа Бейімделген серіктестік бағдарламасына байланысты мәселелер қозғалды. Бұдан бөлек, тараптар Ауғанстандағы жағдай және ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ықтимал шаралар туралы пікір алмасты.

Отандық дипломат НАТО-ның Бас хатшысына Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі туралы, атап айтқанда, «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» (UNIFIL) миссиясына қатысу үшін Қазақстанның бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісін Ливанға жіберу туралы айтып берді.


Өзгелердің жаңалығы