Қазақстан елшісі Доминикан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

14 Қазан 2019, 20:41
1565
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Доминикан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Доминикан Республикасының президентіне сенім грамоталарын тапсырды.

"Қазақстанның елшісі Андриан Елемесов салтанатты рәсім барысында Доминикан Республикасының президенті Данило Медина Санческе сенім грамоталарын тапсырды. Рәсімге Доминикананың Сыртқы істер министрі Мигель Варгас және осы Кариб елінің басшы топтарының өкілдері қатысты. Жылы достас қалпында өткен кездесу барысында елші Доминикан басшысын екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін барынша күш-жігер салатынына сендірді. Қазақстандық дипломат бар елеулі әлеует біздің елдерімізге өзара тиімді байланыстарды тереңдету және кеңейту мүмкіндіктеріне оңтайлы қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті", - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

шар1.jpeg

Мәліметке сай, Д. Медина Санчес ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін айтып, елшіге дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. Президент Санто-Домингоның Қазақстанмен өңірлік көшбасшы ретінде достық қарым-қатынасқа мүдделі екенін, сондай-ақ екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша диалогты дамытуға үміт артатынын атап өтті. Екі елдің туристік саладағы әлеуетін ескере отырып, екі ел азаматтарының өзара сапарларының визалық тәртіпті жою туралы жоспарланған келісімінің маңыздылығы атап өтілді. Бұл түрлі бағыттар бойынша байланыстарды жандандыру үшін кең мүмкіндіктер ашады.


Өзгелердің жаңалығы