Қазақстан даму банкі төрағасы қаржыландырылған жобалар жайлы айтып берді

25 Қаңтар 2021, 13:32
1373
Бөлісу:
Қазақстан даму банкі төрағасы қаржыландырылған жобалар жайлы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов банктің индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы операторы ретінде қаржыландырған жобалары жайлы айтып берді.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы ретінде Қазақстан даму банкі жалпы сомасы 544,2 млрд теңгеге 26 инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бүгінгі таңда оларды жүзеге асырудың оң әсері байқалады, атап айтқанда, 2015-2020 жылдар аралығында 5,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, өткен жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сатылған өнім көлемі 1 349 млрд теңгені, экспорттық өнім – 1 044 млрд теңгені құрады, бұл ретте бюджетке төленетін салық төлемдерінің көлемі ұқсас кезеңде шамамен 187 млрд теңгеге жетті, - деді ол.

Оның айтуынша, олар - Ақтөбе рельс-арқалық зауытын салу, Қаратау қаласындағы цианисті натрий өндіру зауыты, Ақтаудағы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңарту, Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту, Шымкент қаласында қуаттық трансформаторлар шығару зауытын салу, Ақмола облысында бройлерлер өсіру бойынша құс фабрикасын салу (1 және 2-кезең), Қарағандыда ферросилиций өндіру зауытын салу, Шымкент МӨЗ-ін қайта жаңарту және жаңғырту, Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытын салу, Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын СЭС-ін салу, Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру және басқалары.

Қазақстан даму банкі инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы шеңберінде өткен жылы отандық экспорттаушыларды қаржыландыру, вагон-өндірушілер мен авто-өндірушілерді қолдау, сондай –ақ ЕДБ арқылы өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру үшін 800,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 753,1 млрд теңге ҚР Ұлттық қорынан, қалған 47,5 млрд теңге – БЖЗҚ қаражаты.



Өзгелердің жаңалығы