Бас жаңалықтар
Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады
14 Қазан 2021, 08:10 627

Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық медиа-порталдардың бірінің мақаласында көрсетілген нақтыланбаған мәліметтерге, сондай-ақ қате және арандатушылық тұжырымдарға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық астық пен ұнды Ауғанстанға өткізу саласындағы өзекті жағдайға қатысты ресми ақпаратты жариялайды.

Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. 2020 жылы бұл елге мақалада көрсетілгендей 3,2 млн тонна емес, елде өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді, - делінген хабарламада.

QazTrade деректері бойынша, ел аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара жұмыс істеп жатыр. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.

Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елмен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың саұталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді.

АШМ-нің мәліметінше, қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады.

Экспорттық баждарды енгізуге келетін болсақ: бұл мәселе бұрын талқыланды, бірақ Мемлекет басшысы қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде бұл шаралардың уақытынан бұрын жасалғандығы туралы пікір білдірді.

Бұл ретте, ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, экспорт кезінде ҚҚС-ты жедел қайтару. Өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған.

Экспортқа шектеулер енгізу табиғи жағдайларға байланысты өткен жылмен салыстырғанда төмен өнім алған фермерлердің қаржылық жағдайына әсер ететіндігін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, аграрийлер шындығында өнімділікті арттыру бойынша жұмысты күшейтуілері тиіс. Бұл ауыспалы егісті сақтау, тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Тиісті қолдау шаралары Үкімет жақында мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада көзделген.

Қорытындылай келе, аталған мақалада астық нарығында жасанды дүрлікпе жасау мақсатында нақты жағдайды бұрмалайтын іс-әрекеттер, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, ұн, ет және жұмыртқа бағасының өсуіне қатысты алаңдаушылық туралы спекуляциялау байқалатынын атап өткіміз келеді.

Осыған орай Үкімет ӘМАТ бағасының күрт өсуін болдырмау жөнінде пәрменді шаралар кешенін әзірлегенін еске саламыз. Сондай-ақ әкімдіктер қажетті шараларды қабылдайтын болады, оның ішінде тұрақтандыру қорлары және ірі сауда желілерін қаржыландыру арқылы бағаларды реттеуді арқылы.

Бұл мәселе, сондай-ақ елдің АӨК экспорттық әлеуетін қолдау және дамыту саласындағы қызмет Қазақстан Үкіметінің тұрақты бақылауында.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...