Бас жаңалықтар
«Қазақстан - Әзірбайжан Іскерлік кеңесі» құрылады
08 Қыркүйек 2021, 16:19 133

«Қазақстан - Әзірбайжан Іскерлік кеңесі» құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тарапы Әзірбайжанның Экономика, Қорғаныс өнеркәсібі, Көлік, Байланыс және жоғары технологиялар министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Үлкен делегациямен Бакуге келдік. Мұнда сауда-экономикалық миссия өтеді, оған тамақ өнеркәсібі, машина жасау, IT, медицина, металл илегі, мұнай химиясы, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірумен айналысатын компанияларымыз қатысады. Айта кетейік, біз жолда болғанда, IT-шешімдер саласында жұмыс істейтін жергілікті, әзірбайжандық компания Қазақстанда бизнес-серіктестер мен өндірушілер іздеуде екенін айтқан болатын, - деді министр. 

Отандық компаниялар өз өнімдерін және экспорттық мүмкіндіктерін түркі әлемінің барлық еліне ұсынады.

Біздің миссиямыз Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Экономика және сауда министрлерінің 10-отырысы күндері өтуде. Жақында мен сауда-экономикалық миссиялардың жұмысына сыни баға бергенін оқыдым, оларждың нәтижесі мен әсері жоқ деген секілді ой шығады екен. Мен бұған келіспеймін. Өткізілген алты сауда-экономикалық миссиялар арқасында жыл басынан бері 163 миллионға 40 келісімшарт жасалды. Тағы бір жүз миллион жаңа келісімшарттардан күтіледі, олар қазір қол қоюға дайындық кезеңінде, - деді ол.

Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын мәселелер бар.

Сауда-экономикалық миссияға қатысу 100% келісімшарт жасасуға кепілдік бермейтінімен келісемін, бірақ әртүрлі елдер бизнесінің жеке байланыстары нығайып келеді. Бизнес бір-бірімен танысып жатқанда, біз әзербайжандық әріптестерімізбен үкіметаралық комиссияның кезекті 11 отырысын өткіземіз. Оның ішінде, екі ел бизнес орталарының диалогы үшін «Қазақстан - Әзірбайжан Іскерлік кеңесі» платформасын құру да бар. Бүгін біз Әзірбайжан экономика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткіземіз. Қолдан келгенше келіссөздер барысы туралы сіздерге хабарлайтын боламын, - деп жазды Сұлтанов.




Фото: дереккөз
Загрузка...