Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді

20 Тамыз 2021, 15:32
9285
Бөлісу:
Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты. Ол аталған кезеңде тікелей ауғандық босқындарды қабылдау туралы мәселе қарастырылмайтындығын алға тартты.

Оған себеп – Қазақстанның Ауғанстанмен тікелей шекаралас ел болып табылмауы.

Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде босқындар туралы халықаралық келісімдерде қарастырылған өз міндеттемелерін орындайды. Біздің елімізде өз азаматтарын уақытша қабылдау немесе қысқа уақытқа транзиттік дәліз ұсыну туралы өтінішпен үшінші мемлекеттердің жүгінуін Қазақстан жеке тәртіппен қарастырады. Оған халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидаттары негізге алынады, - деп атап өтті Ақан Рахметуллин.

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай тәсіл қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау білдіру мен адамгершілік арынан аттамауға себеп болған деп отыр. Осы орайда мұндай қолдау үшінші мемлекеттен әрі қарай эвакуациялауды күтіп отырған ҚР аумағындағы шетел азаматтарының уақытша болуын білдіретін көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы