Қазақстан әскерінің қауіп-қатерге дайындығы қандай?

2 Наурыз 2021, 13:24
5029
Бөлісу:
Қазақстан әскерінің қауіп-қатерге дайындығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды.

Роталардың үйлесімділігі жөніндегі шаралардың барысы, құқықтық және әскери тәртіп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде баяндамалар тыңдалды.Сипаты мен ауқымы әр түрлі оқу-жаттығулар қарсаңында Қорғаныс ведомствосының басшысы әскерлерді оқыту барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесін зерттей отырып, іс-қимылдардың жаңа нысандары мен әдістерді қолдануды тапсырды. Дәлдігі жоғары қарудан қорғануға, радиоэлектронды күрес пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын, сондай-ақ барлау құралдары мен барлау-соққы беру жүйесіндегі атыс шабуылы және барлау-қарсы оқ ату даярлығы кешенді өзара іс-қимылын тиімді пайдалануға басты назар аударылуы тиіс екендігі аталып өтті, - делінген ҚМ хабарламасында. 

Оқу-жаттығулар барысында жағдайды әрі қарай өрістету,  кенеттен пайда болған қауіп-қатерге төтеп беру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа элементтерін іске қосу қажеттілігі айтылды.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін әрі қарай дамыту жөнінде жеке тапсырмалар берілді. 

Қазіргі жағдайда бұл тоқтаусыз қызмет атқаратын, қарсыластың әуе шабуылында қолданатын барлық құралдарына, оның ішінде, шағын дрондардан бастап баллистикалық, қанатты зымырандарға және аэродинамикалық нысандарға дейін қарсы төтеп беретін жүйеге айналуы тиіс, - делінген ақпаратта.

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінің маңызы атап өтілді. Қорғаныс министрі нұсқау беру-әдістемелік сабақтарын, әскерлерде жеке құрамға барынша дайындалған армия спортшыларының шеберлік сабақтарын өткізуді тапсырды. Бұл әскерде спортты кеңінен насихаттау мен әскерилерді даярлау барысында жаңашылдықтың жауынгерлерді даярлауды жетілдіру әдістемесінің кепілі болмақ.

Гарнизондарда әскери полиция қызметкерлерімен өткізілген «Тоқта және сөйлес» акциясы назарға алынды. Акция барысында әскери қызметшілермен жеке және топтық әңгімелесу ұйымдастырылып, әскери бөлімдерде қызметтік және қаржы-шаруашылық жағдай қарастырылды. 

Бас медициналық басқарма бастығының баяндамасы бойынша, өткен аптада Қарулы Күштерде коронавирус індетін жұқтырғандар саны екі есеге, яғни 47%-ға азайған.

Індет анықталғандардың жартысы – ауру белгісі жоқтар. Әскердегі қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды – жеке құрамның денсаулық жағдайын ұдайы бақылау және ПТР-тестілеуді ауқымды жүргізу, сырқаттанғандарды уақытылы емдеуге жіберу және байланыста болған тұлғаларды оқшаулау сияқты кешенді шаралар арқылы қамтамасыз етеді.



Өзгелердің жаңалығы