Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті 25% өсті

20 Қараша 2021, 17:46
721
Бөлісу:
Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті 25% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдар 880 мың жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) құрады.

Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% көп.

Жалпы, Қазақстан аумағы арқылы темір жол көлігімен жүк транзиті өткен жыл деңгейіне сәйкес келеді.

Жүк тасымалы танымал бағыттарының бірі Қытай - Еуропа – Қытай болып табылады. Қаңтар-қазан айларында осы бағыттағы тасымалдар көлемі өткен жылға қарағанда 36% өсті.

Каспий өңірінің порттары арқылы жүк тасымалдау ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% ұлғайды және де 4,6 млн.тоннаны құрады.

Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 15% (2,9 млн.тоннадан астам) асып түсті. Теңіз порттары арқылы астық экспорты 2021 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда 56% артып, 1,2 млн.тоннадан асты.



Өзгелердің жаңалығы